Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз,
Суық маңнан біз кетеміз, дайындал, қыз.
Орамалмен қара түсті оранған бұлт,
Сары, қоңыр теңіздермен шайылған күз.
Оралады мойныма кеп жыланды қыз,
Шаққан сайын мұң жүрегім уланды жүз.
Жылы нұрын қызғануда тәкаппар шам,
Жапырағын жасқа малған жылаңқы күз.
Сезім-жүрек бір тостаған бақ сыныпты,
Бұл жалғанда мейрімділік тапшы тіпті.
Жүрегіме бар қайғыны сыйдырып-ап,
Адамдарға сыйласам ғой жақсылықты.
Туылғанмын тас жүрекке қашап өлең,
Жан айқайды кім естісін, жаһан керең!
Мен тірімде жамандықпен күресемін,
Мен өлерде жақсылықты жасап өлем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері