Түн – сақ, тыныш – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Түн – сақ, тыныш» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түн – сақ, тыныш.
Аңқиды арман.
Жүзіме қар тиді жұмсақ,
қар сүйді нәзік.
Кеберген кітап мүңкиді әріп;
Жазып өлер ме ем...
Сүйіп өлер ме ем...
Бүкір – қою шам көз алмай отыр қардан –
оюдан...
Түн – терең,
түн – ұзақ, алыс...
Таныс аппақ нұр үзілген,
Сыз емген аспан –
мыжылған,
Түсед кепкен – қар:
Қыжылдан ұзап,
кәріптен ұзап,
менен де...
Жауған қар әріпке ұқсап,
Қонады аппақ өлеңге....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн – сақ, тыныш өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Түн – сақ, тыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн – сақ, тыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн – сақ, тыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері