Күн суыды, суыды нұр – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Күн суыды, суыды нұр» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күн суыды, суыды нұр...
үсіген бе,
жұлдыздарым дірдектеген?..
Қанатының ақ сәулесін жылыта алсам
балапандай жүрекпенен...
Кірпігімнің қағып қалсам қауырсынын –
Ай пердесі тербеледі баяу ғана
өңіріме нұр шашағы есіп өтіп...
Шал жүрісті – жапырақтар жаяу.
Торап.
Гүл жүрісті ару.
Сосын мен –
Теректей қатып қалған...
шашым ғана сыбдыр етед
қарға қонса.
«Дір» етеді сәл жүрек те,
күнтізбемнің жапырағы сарғайғанда...
Гүл де жүрді...
мен де жүрдім...
аспан жүрді...
Мияулады жаппа;
қақпа алдында ақ мысық...
Мазар маңында ит;
тастар үріді...
Көлеңкем тұр, көшем жүрді...
«Өмір дегенің не?» деді таныс құрбым шәйін ұрттап,
«Үсіп қалған гүлге терезеден қарау» дедім «тоңып тұрып…»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн суыды, суыды нұр өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн суыды, суыды нұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн суыды, суыды нұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн суыды, суыды нұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері