Төгіліп жатты еденде шуақ – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Төгіліп жатты еденде шуақ» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Төгіліп жатты еденде шуақ,
Күннен үзілген арай тосамын.
Сәуледен түсті көлеңкем құлап,
...Жасыра алам қалай азабын?

Тоңған шуақты көтеріп келем,
Қонған шырақты ұшырып алмай...
Қағаз боп кетсем кеберіп денем,
Ұсташы жерге түсіріп алмай...

Сөреде қалам уақыт болғанда,
Қағаз тәнімді жаныма орап...
Суыған -сәуле, қатып қалған -нұр
Жүректің бәрі –
қоңырайған хат...

Маржан үзілді, бұлақ төгілді...
Нұрды сипашы үсіген, суық.
Параққа сіңген шуақ секілді,
Сағыныш қалар ішіме тұнып...


Пікірлер (1)

Әбутәлі

Бұлаққа. Бұлақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төгіліп жатты еденде шуақ өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Төгіліп жатты еденде шуақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төгіліп жатты еденде шуақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төгіліп жатты еденде шуақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері