Туған жермен тілдесу – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Туған жермен тілдесу» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаға, қаға қанатымен шарықтайды,
Кеңдігінен кеңістіктің жалықпайды.
Қарғаның да, қыранның да аспаны бір,
Бірі төмен, бірі биік қалықтайды.
Бөтенсіген қарғалардың қарқылынан,
Аттап өттім әр кездескен ар қылынан.
Жалғыз емес екенімді сезінемін,
Аспандағы жұлдыздардың жарқылынан.
Балалағым қалған үйдің бүтіні ме?
Далам барда мекен етер жұт ініне.
Шу қаланың газдарына тұншығып-ап,
Демаламын ауылымның түтініне.
Сәуле болып сан жүректі аралағын,
Әлі-ақ мен нұрың болып тараламын.
О, туған жер, топырағыңнан жаралғанмын,
Топырақ боп топырағыңа ораламын.
Балалығым бал теңіз ғой қусам кешпек,
Әкем қайда, таң жұпарын туған иіскеп?!
Ешбір адам бөтен емес далам саған,
Әкем жатыр құшағыңда жусан иіскеп.
Шашырата бастап еді нұр шұғыла,
Күннен қашты бұл өлкеге түн тығыла.
Бұл өмірге жүгіремін қойыныңда,
Әр тасыңа мың сүрініп, мың жығыла!
Сен аман бол, мекеніңде, елім, елім!
Мезі мұңға езілемін, егілемін.
О, туған жер, мен де әкемдей әз төсіңде,
Бұл торқалы топырағыңа көмілемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жермен тілдесу өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған жермен тілдесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жермен тілдесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жермен тілдесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері