Ғажайып қала Шымкентім – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Ғажайып қала Шымкентім» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күмбез - аспан,
Күміс - су, жібек желі,
Ғасырлар тарихының куәгері.
Ұлы Жібек жолына орналасқан,
Азияның көрікті жәдігері.

Бабалар, арманының бекінгені,
Өркениеттің өрбісе өкілдері.
Құндылықтың ұйыған қаймағына,
Болашақтың айшықты жетілгені.

Күні күлген, күнгейдің түлегіне,
Миллионның гүл таққан жүрегіне.
Жастарының нұр тұнған жанарына,
Ерлерінің күш біткен білегіне.

Сәніне, салтанаты жарасады,
Еңбек сүйген адамға бақ ашады.
Өндірістің ошағы болған жерге,
Тоғыз жолдың торабы таласады.

Шұғылалы , шаһардың көнедегі,
Жылдары жетістікке кенеледі.
2200 жыл толған мекен,
Шынайы махаббатқа бөленеді,

Жасай бер! Жасара бер! Жасыл қалам!
Көкрегінің кеңдігін жасырмаған!
Маңызы бар мекенім елімізге,
Тілеулес саған байтақ асыл далам!
Жасай бер, Жасара бер! Жасыл қалам!
ҒАЖАЙЫП ҚАЛА ШЫМКЕНТІМ!
#жүректегіжазбалар
16.06.2020ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып қала Шымкентім өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып қала Шымкентім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып қала Шымкентім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып қала Шымкентім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері