Селфи – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Селфи» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Селфи жасап қояйық бір мақтанып,
Жастық дəурен қалсын есте сақталып.
Телефонға түскен ғажап бейнеміз,
Жадымызда жадырасын жатталып.

Кел, сүйіктім, телефонға күл тұрып,
Басқа қонған бақты жүрміз білдіріп.
Таспасына тоғытайық тарихтың,
Сəтті түскен суреттерді бір жүріп.

Өмір - дауыл, жауратпасын біздерді,
Артқа салып өттік талай іздерді.
Алдымызда, алынатын асулар
Күлімдеумен жылытайық жүздерді.

Жаратқаннан жұмақ ғұмыр сұрайық.
Суреттерден жақсы сəттер құрайық
Күйбеңі көп таусылмайтын тірліктің,
Арасында , "селфилетіп" тұрайық!

Алтынай Алиева #ЖҮРЕКТЕГІЖАЗБАЛАР
12.10.2017ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Селфи өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Селфи өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Селфи өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Селфи өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері