Ай қызы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Ай қызы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сол түні жұлдызды жасырып,
Қара түн, Ай қызды жылаттың.
Кірпігі жуынып сезімге,
Жанардан мөлт етті құлап мұң.
Күн сенен жарығын қызғанды,
Жаныңды түсінді бірақ, түн...
Ай жылап...
Жұлдыздар мұңайды,
Қасыңда отырды бірақ, кім?..
Көп нүкте...
Көп жұлдыз...
Түсінем,
Жауабын таппадың сұрақтың.
Жаныңда болмадым, білемін,
Түнгі леп самалмен жұбаттым.
Жыладың, бірақ та сезбедің,
Сол түні сен мені жылаттың...
Жерді біз ұмыттық Айдамыз,
Жаныңда болу ғой — көшкенім.
Бұлттарды бөлме ғып алыпсың,
Есігін таппадым, «Аш» дедім!..
Ай қызы, кел бермен, жылытам,
Кеудемде нұрым бар, өшпедім.
Атары–атпасы белгісіз,
Қайғысын шашады кешке Күн.
Көрерім, көрмесім белгісіз,
Жарығым, оралшы, кеш, дедім!
Бұлттарды қайық қып,
Ай жаққа жүздің де, «қош»-дедің!..
(Мен қалдым жерде...)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай қызы өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Ай қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері