Сүйер едім – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сүйер едім» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ғасыр қарап тұрар ем жанарыңа,
Сыздаса да жүректе жара мына.
Қарай алман, кеш, гүлім, сенсем дағы
Өңіріңе ақ моншақ тамарына.
Сипар едім қолыңнан тек, өтінбей,
Ақ саусағың еріксіз көнетіндей.
Алақаным жылытса қолыңды мұз,
Жүрегімнің ақ нұры сөнетіндей.
Құшақтар ем кеудеме қатты қысып,
Қандай опа табармын жатты құшып.
Тағдыр айдап, қайтерміз бір күндері
Сезіміміз қалса егер қақтығысып?
Сүйер едім ерніңнен...
Пәктігі тұр.
Айтшы, қалқам, қаламас тәттіні кім!?
Болашақты кім білсін? Шыдайықшы!
Сақтап қойшы жарыңа тәттілігін.
Елемеші жырақтар, қашықтарды!
Сағыныштың есігі ашық қалды.
Таза сезім қалсыншы таза қалпы,
Ғашық жүрек қалсыншы ғашық қалпы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйер едім өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сүйер едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйер едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйер едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері