Күлімдеп күн түседі көк кемеден – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күлімдеп күн түседі көк кемеден» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Күлімдеп күн түседі көк кемеден,
Құяды жан шуағын шеттегі әлем.
Бір биді бастап алып біте алмай тұр
Желбіреп етек-жеңі кеткен әлем.
Тамсантып таныс көше, таныс баған,
Біртіндеп үзіледі алыстағы ән.
Сәтбаев көшесімен бара жатыр
Қамығып әлденеге Қаныш бабам.
Тербеліп күй шанақтан төгіледі,
Әуені тебірентеді Сені, Мені.
Күн болып жаңа ғана күлген едім,
Жаңбыр боп жаным енді егіледі.
Асығып ағыс жүзді арналарда,
Арманын есіне алды толғанарда.
Қос көзін тарс жұмды да, құлдилады,
Сорлы құс шыңырауға сорғаларда.
Сарнайды сабыр таппай мұң шанағы,
Қобызға Қорқыт баба үн салады.
Ашады бұрқыратып жан сарайын
Қырмызы иісі аңқыған қыр самалы.
Қырмызы аңқытқанда жан сарайым,
Билейін, қуанайын, ән салайын.
Іздеумен күн сүйреген көк кемені
Кетті өтіп сарайларда қаншама айым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлімдеп күн түседі көк кемеден өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Күлімдеп күн түседі көк кемеден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлімдеп күн түседі көк кемеден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлімдеп күн түседі көк кемеден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері