Жайсаңдар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жайсаңдар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1622
Өмірде бар ғой, шіркін, жақсы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанып жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көңіліңді тапса жандар.
Пейілі жайсаңдардың дала сынды,
Көңілі жаз дидарлы бала сынды.
Ақаусыз ақтарыла құрақ ұшып,
Алдыңа жайып салар бар асылды.
Жайдары болса, шіркін, жанның бәрі,
Арайлап атар еді таңның бәрі.
Тек қана жырлар еді жайсаңдықты,
Жүректі жарып шыққан әннің бәрі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайсаңдар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жайсаңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайсаңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайсаңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері