Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз,
Жоғары парасаты, ары дейміз.
Ал соны танытар қай қасиеті?
Қандай іс, қай енбегін кәні дейміз?
Елім деп аузы айтып, қолы істемесе,
Халықтың бақ, дәулетін үстемесе,
Ұлтының тілін, әдет-ғұрпын, салтын
Үлгі етіп ұрпағына түстемесе.
Адамдық парызынан табылмаған,
Халыққа қашан жақсы танылды адам!
Өнерге көкірегі қор, маңайы шол
Ындыны аш уызынан жарымаған.
Санда бар, санатта жоқ көптің бірі,
Күнелткен ел қарасы әйтеуір тірі.
Аты бар бөрік киген — барлық бәсі
Өзіндей кимешекке ол да ірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаймыз, ол жігіттің нары дейміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері