Ұландар

Бұл бетте «Ұландар» атты Қонаш Қалдыоразұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1257
Ұландар, қайдасыңдар?
Ұландар қайдасыңдар бірге жүрген,
Сабақты да бірге оқып, бірге күлген.
Бал татыған балалық артта қалып,
Ақсақалмыз осы бір күнге келген
Бір қатар дос өтіпті өміріңнен,
Жандар едік бақ сыры төгілінген.
Жас 80 – ге бет алған кезімізде,
Әрқайсысың кетпейсің көңілімнен.
Қыздар қайда кешегі, ұлдар қайда?
Бәрі де тең жандарды туған айға.
Бірі кетіп өмірден, бірі қалып,
Түсіп өлім жатыр ма құрған ауға.
Құдай білем, күнәмді кешірмесін,
Сыр айтамын жүрегім есілгесін.
Өздеріңе деген – ай махаббатым,
Ұландарым, бірге өскен, ескірмесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұландар өлеңінің авторы кім?

Қонаш Қалдыоразұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұландар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұландар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қонаш Қалдыоразұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұландар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері