Қош бол, ұстаз

Бұл бетте «Қош бол, ұстаз» атты Қонаш Қалдыоразұлы жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.10.2019
  • 0
  • 0
  • 2740
(белгілі ғалым, ақын Қабиболла Сыдиықұлы рухына)

Кешікті неге бүгін таң қылаңы?
Неліктен бозторғайдай зар қыламын.
Жан аға сен өлді деп естігенде,
Жүрегім парша-парша қан жылады.
Жан едің артық туған,асыл текті,
Маздаған жан сырыңа ғашық ек-ті.
Шалғайда жүргенменен,өр талантың,
Табынтып талайларды ақын етті.
Жылыойдың батқандай бір мұңға аспаны,
Түскендей аяққа жем, қырды аспадым.
Жан алла неге асықтың ажал сеуіп,
Көп еді жазар оның жыр-дастаны.
Қаралы бүгін Жылыой қырларыда,
Ащы өксік қосылғандай жырлары ма.
Жүруші ем арқа тұтып аға өзіңді,
Кім ақыл қосар енді сырларыма.
Қош ұстаз,қасиетті сары шалым,
Іні боп, соңыңа ерген нарышаңмын.
Туған жерге сағынып,жылда оралар,
Келмейсің-ау сені енді,ақсұңқарым.
Қош ұстаз,қош бол ұстаз,ғалым,ақын,
Талайлар жырыңды оқып табынатын.
Тарихтың терең сырын ұғатындар,
Мәңгілік өшірмейді ғалым атын.
Жем бойы, Ақкиіз бен Қарақұмым,
Күрсіне аза тұтты дала тұнып.
Жақсылар ерте өледі, неге дедім?
Көзімнен жоқтау жасы тама тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош бол, ұстаз өлеңінің авторы кім?

Қонаш Қалдыоразұлы — осы өлеңнің авторы.

Қош бол, ұстаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош бол, ұстаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қош бол, ұстаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері