Кімге енді жалбарынам жайып қолды

Бұл бетте «Кімге енді жалбарынам жайып қолды» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2698
Кімге енді жалбарынам жайып қолды?!
Бір сәтте жүзіп өтті қайық көлді.
Апыр-ай!
Былдырлаған бөбек кезім
Бір жылап алғанымша ғайып болды.
Мұндайда ерте оянған әтеш ұтты-ау,
Мұндайда қабағыңды қате шытпау...
Шіркін-ай,
Жайраңдаған жігіт шағым
Бір күліп болғанымша өте шықты-aу!
Жастығым әрі құтты,
Әрі үмітті —
Ештеңе көрмегендей —
Жар ұмытты.
Болатын көп сияқты әлі уақытым,
Бір ойлап алғанымша бәрі бітті.
Жалт еткен жас сұлудың қарасындай
Зымырап, уақыт-тұлпар, барасың ба, әй!
Жиырма менен елудің екі арасы
Алматы — Шамалғанның арасындай!
Әлі есік қақпағанмен қаралы күн,
Мен, мүмкін, осыны ойлап «жаралымын».
Бауырым, білем деме,
Есептеме
Күлкі мен көз жасының аралығын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кімге енді жалбарынам жайып қолды өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Кімге енді жалбарынам жайып қолды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кімге енді жалбарынам жайып қолды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кімге енді жалбарынам жайып қолды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері