Ленин

Бұл бетте «Ленин» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2737
Адамзаттың бақытына
Саты,
Аят, хадис уақытына
Аты.
Бұл дүниенің пайғамбары
Ленин.
Төмен таптың ой-айбары
Ленин.
Ғылым, тарих қағидасы
Өзі.
Бағыт, жоба, ұйым басы,
Тезі.
Төмен таптың қолбасшысы
Ленин.
Жаңа тұрмыс жолбасшысы
Ленин.
Жалшыларға жалпы азаттық
Байдан.
Не теңелмек, не қазаттық
Майдан.
Бостандықтың таң азаны
Ленин.
Саясаттың мыс қазаны
Ленин.
Шам-шырағы ақиқаттың
Жанған,
Айқын жолы адамзаттың
Шаңқан.
Зор майданның ұраны да
Ленин.
Келешектің құраны да
Ленин.
Құрастырған, сорлыларды
Жиған.
Рухтандырған жарлыларды
Иман.
Алтын сәуле күннің нұры
Ол таң.
Қара албасты түннің соры
Шолпан.
Қажымас ер, ол — қызыл ту
Құрыш.
Буржуаның жанына у,
Бұрыш.
Жас буынға үлкен аға —
Ол бас.
Осылай деп бердім баға,
Жолдас.

1923 жыл, 30-қараша, Теке


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Ленин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері