Түнгі Алматы – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Түнгі Алматы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,.
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менеи қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Ағылады аспанға фонтан болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.


Пікірлер (10)

Айдана

Бирак менин иниме керек еди ол уш шумакты такпак жаттайм дейди

Айдана

Менин иним уш шумакты такпак жаттаймын дейди

АЙҒАНЫМ

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ

АЙҒАНЫМ

Өте Керемет

айсұлу

өте керемет жазылған өлең екен

АЙМАН

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ КҮШТІ ЖАТТАП АЛУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН

Бексултан

Оте керемет

Айзере

маган унады мен осыны жаттап алдым айтеуир оте керемет Алматы туралы

Айша♡

Түнгі Алматы қатты өзгерген

Мадина ♡

Өте керемет өлең екен маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі Алматы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Түнгі Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері