Неге, неге, негелер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Неге, неге, негелер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Өмірге мынау құштарлық неге бұзылды?
Жас жігіттердің үміті неге үзілді?
Өзіне-өзі қол жұмсағандар көбейіп,
Ұлғайтып неге барады олар тізімді?
Қорланып намыс, тіс қайрап жүрген бір ісім
Атаның салтын, дәстүрін бұзып, үлгісін.
Ұлың нашақор, тауық қораны торыған,
Түлкіге ұқсап қонақүйлерде неге жүр қызың?
Үмітті жалғап, үнемі тәуір күй күттің,
Неліктен ғана осынау халге киліктің?
Ауруханалар лық толы ауру нәресте,
Өкпе құрт жайлаған қоғамнан қандай сый күттің
Сұрай берсем мен түгесілер ме негелер,
Рухани азып, құлдырай түсті неге ел?
Өртеніп орман, теңіз бен келде су құрып,
Ақбөкенінен айырылып болды неге жер?
Тағы да толған, жауапсыз қалған негелер,
Тұтқасы елдің болады деген не кемел
Ер мен әйелдің атқарар ісі ауысып,
Жаялық жуып, үйінде отыр неге ер?
Таусылар емес, таусылар емес негелер,
Бой ұрдық халық көсегесі деп көгерер.
Нарыққа көштік арықтап неге тұралап,
Барады осынау гүлденер өсіп деген ел?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге, неге, негелер өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Неге, неге, негелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге, неге, негелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге, неге, негелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері