Жаңбырдан соң – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жаңбырдан соң» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3728
Күміс кірпік өткір сәуле жерде ойнар
Шаңқай түсте ысып кеткен күн қайнар
Мазасыз жел кетіп еді жоғалып,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.
Тына қалды ішін тартып жел енді
Қара жақбыр құйып ала жөнелді.
Ойнап еді бір топ бала ілкіде,
Санын соғып, алақайлап.
Ал, енді
Жаңбырдың мол селдетерін білгесін,
Жүгірісіп үйді-үйіне жиды есін.
Өтті нөсер бөбектерді су-су қып,
Денесіне жабыстырып жейдесін.
Сімірді де тұрған қақты, шалшықты..
Сілкінді бір, сусаған жер тыншықты.
Сахна – аспан, шымылдық – бұлт
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат,
Жақсы баға
Алған бала
Сыяқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырдан соң өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырдан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырдан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырдан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері