Ұстазыма

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Қонаш Қалдыоразұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2019
  • 0
  • 0
  • 2965
Ұмытам ба, сонау жылды алғашқы,
Сонда жерді ерте қалың қар басты.
Тұңғыш рет көрдім ұстаз ағаны,
Содан бері жылдар жылмен жалғасты.
Не екенін білмеуші едім білімнің,
Білдімдағы, бал қымыздай сімірдім.
Таң боп сонда атқан алдан сен едің,
Ұстаз аға ойын аршып ініңнің.
Білім деген дарияны мен кешкем,
Нәрін алған азаматпын ер жеткен.
Үміт артып күттің бе екен, ұстазым,
Асау жырды мен сияқты тентектен.
Жадыратар жайлап жанды таң самал,
Бақытымды әр күн тұрып қарсы алам,
Таңның нұры сенің нұрың секілді,
О, ұстазым! Алғаш мені қарсы алған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстазыма өлеңінің авторы кім?

Қонаш Қалдыоразұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұстазыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстазыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қонаш Қалдыоразұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстазыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері