Ернарға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ернарға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Ернар деп ат қойдым,
Болсын деп ер нары.
Еңбегің болсын деп
Өмірде ел қамы.
Ұққандай ойымды
Таңдадың мамандық
Мақсатқа жет, жаным,
Тілеймін амандық.
Алапат атомнан
Түтілген жерің бар.
Суалған теңізің
Суы азған көлің бар.
Тереңдеп үңілсең
Төгер мол терің бар.
Сенімді ақтауға
Аянбай кіріс сен,
Тәуелсіз еліңді
Белсене құрыс сен!
Болашаққа үмітпен
Ел артқан сенім бар.
Эколог EPHAPFA
Алла өзі болсын жар.
Еңбек ет халыққа
Күрестен жалықпа.
Қиынға кез болсаң,
Соңы деп тағы ұқпа.
Адамның өмірі
Көк толқын күрес тек,
Нар жүгі парызың
Қиынмен күресте.
Несібеңнің өзін
Табасың күреспен
Мәзірі әзір боп
Көргем жоқ үлескен.
Боркемік бор болма,
Жауыңмен тайталас,
Достыққа құшақты
Әрқашан айқара аш.
Кең ойлар кемеңгер,
Еліңнің ары бол.
Халқыңның ішінде
Ең мәшһүр нары бол.
Тілейміз құттықтап
Жиырма бес жасыңмен
Беймаза өмірде
Болсын тек қасың кем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ернарға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ернарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ернарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ернарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері