Қайық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1030
«Сырғаңды қайық қылып өткіз мені».
Халық өлеңі

Ырымға жатса-дағы түбі сайып,
Құрметке дәстүр сынды түр ылайық.
Қазақта ат берсе де, жүген бермеу,
Тәрізді эстондарда еспе қайық.
Қастерлі, қасиетті бұйым екен,
Халықтың қорегі ғой тұрған мекен.
Қайықтан, кәсіпке сай құрал жасап,
Еңбекпен күнелткенге келер не тең!
Негізгі кәсіп балық эстон үшін,
Қайықсыз балықшының халін түсін.
Ішер ас, киер киім,
алар білім,
Шаруаның тындырады барлық ісін.
Ұстарлық қадір тұтып, қасиеттеп,
Көлігің – дария кешер,
қусаң жетер,
Құтқарып қашсаң, мақсат ғасыл етпек.
Ғашықтар:
«сен ар жақта,
мен бер жақта»,–
Деп жылап, сырға қайық етер шақта,
Көмекке келер тағы осы қайық
Ғайыптан пайда болып жанар баққа.
Сондықтан эстон үшін қайық қымбат,
Ұстайды киелідей баптап, бұлдап.
Тозғанын тастамайды, өртемейді.
Қаңтарып дуалына қояр құндап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері