Насырханға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Насырханға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 934
Ей, Насырхан, Насырхан,
Білуші едім жасыңнан.
Кей күндері бас қосып,
Кетпеуші едім қасыңнан.
Бір жағынан еркек ең,
Қуат-күшін асырған.
Бір жағынан тентек ең,
Сөз ұшырмас басыңнан.
Жасқанатын жас-кәрі,
Сен сөйлеген тасырдан.
Жігіт болып, Насырхан,
Жас желігің басылған.
Оқуыңда озат боп,
Білім жолы ашылған.
Комсомолды басқарып,
Бақыт нұры шашылған.
Өсе келе, Насырхан,
Тарихыңа көз салдың,
Өткен күннен із шалдың.
Әңгімесін тыңдадың
Көпті көрген жүз шалдың.
Шежірені жинақтап,
Өшпейтұғын із салдың.
Бұл жолда сен жалықпай,
Арқаладың ауырды.
Талай жерді шарладың,
Табамын деп бауырды.
Қырғызға да бардың сен,
Асып Алатауыңды.
Өзбекке де бардың сен,
Кезіп ауыл-ауылды.
Елемедің жауынды,
Елемедің дауылды.
Сөйте жүріп таптың сен
Талай туыс-бауырды.
Тамам елге таныттың
Ошақтыдай қауымды.
О, Насырхан, Насырхан,
Құтты болсын жетпісің.
Жетпіс деген жасыңды
Жасамаған көп кісің.
Осы жастың ішінде
Бастан талай өтті сын.
Жамағатқа ақыры
Жарасымды жетті ісің.
Ерен еңбек жасаған
Шынында сен тектісің.
Әлі күнге адуын,
Бойыңда тұр от күшің.
О, Насырхан, Насырхан,
Ошақтыдай асылдан –
Сен-дағы бір асыл жан.
Өтіп жатты бір тойың
Асып-төгіп, шашылған.
Талай туыс-туғаның
Табылды сол сәт қасыңнан.
Көзі жеткен жарандар
Еңбегіңе бас ұрған.
Бақыт құсы кетпесін
Айнала ұшып басыңнан.
Еткен асыл еңбегің
Аса берсін ғасырдан!

24.08.2007 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Насырханға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Насырханға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Насырханға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Насырханға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері