Сатираның саңлағы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сатираның саңлағы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2807
(Шона Смаханұлына)

Әуелден бала болып пысық туған,
Тілі ащы тікенектей қышып туған.
Тиісіп қыз-қырқынға тынбаған бір,
Секілді үй айнала күшік қуған.
Сондағы сол әдетпен қалыптасқан,
Жазды ол әзіл-оспақ жалықпастан.
Бұлақтай бұрқыраған тума талант
Ауылдан Алматыға алып қашқан.
Қарамай қиындық пен ауырына,
Қосылып ақындардың қауымына,
Семсерін сатираның сілтей соғып,
Парнастың қамшы басқан сауырына.
Іздеді кемшілікті дамыл алмай,
Жау бар деп жар астында тағы қандай?
Қоғамға кері тартпа кесапаттар
Қорықты Шона десе жаны қалмай.
Шөкеңнің өлмесіне сенемін мен,
Өзіме ұстаз тұтып келемін мен.
Асқардан тәлім алған алып тұлға,
Қазақтың Крыловы дер едім мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сатираның саңлағы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сатираның саңлағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сатираның саңлағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сатираның саңлағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері