Контраст – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Контраст» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Дарқан дейміз теңізді,
Жатқандықтан ба шегі-шеті көрінбей.
Тілсіз жау дейміз үреймен,
Жұтқандықтан ба кей қыршынды өрімдей.
Дарқан дейміз теңізді,
Ашқандықтан ба байлығын адамға.
Тілсіз жау дейміз үреймен,
Кейде қауып төндіргеннен бе жарты ғаламға.
О, ғажап табиғат, таңданам,
Бір қырың кіл әсем келісім, жарасым,
Бір қырың қозғалыс, арпалыс
Құрайды кіл күрес өмірдің жаңару таласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Контраст өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Контраст өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Контраст өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Контраст өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері