Күзет әні – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Күзет әні» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 9436
Жарық түнде жазық дала, жайлауда,
Шаршамаймыз атқанша тан ойнауға,
Ай астында алтыбақан тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.
Тербел, тербел алтыбақан жайлауда,
Жалықпаймыз атқанша тан сайрауға.
Ән мен өлен қой, қозыны тербетіп,
Жануарға жандай серік болмай ма?
Түнгі дауыс тым алысқа кетеді,
Жаңғыртады, тауды дірілдетеді,
Жайлауында жаздай думан қайнаған,
Қандай қызық күзетшілер мекені!
Айтақ-айтақ әупілдеп қой, сақ құлақ,
Айналып шық ауыл сыртын шапқылап.
Қасқыр түссе жолбарысша жұмарлап,
Азуыңды қадағайсың қаттырақ.
Жарық түнде, жазық дала, жайлауда,
Жалықпаймыз атқанша таң сайрауға.
Ай астында алтыбақан тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.

1940


Пікірлер (1)

Глюъру

Мен Әбділдә Тәжібаев атамызды пір тұтам

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзет әні өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Күзет әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзет әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзет әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері