Қарсақпайға қарап – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарсақпайға қарап» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1322
Кеудемде асыл сезім, аяулы ағын,
Күнді ертіп, қыр басында жаяуладым.
Күн маған саусағымен нұсқап қалды
Қара — деп Қарсақпайдың оянғанын.
Сөйтті де бар сәулесін төмен шашты,
Боп кетті алтын теңіз аяқ асты.
Ішінен сол теңіздің бойлап шығып
Бір кеме арқыраған үнге басты.
Басты да, тік көтерді тіршілікті,
Даланы иығынан бір сілікті,
Қашаннан қимыл қосқан бұл алыптар
Мінезі бір-біріне түсінікті.
Екі дос — дала, завод — қас қағымда
Жөнелді үлкен ісін бастады да,
Көк түтін жерден ұшқан бұлттай болып
Шаншылды Қарсақпайдың аспанына.
Жалтылдап сол түтіннің арасынан
Сары ала ұшқындардан жол ашылған.
Белгісіз — әлде мыстың тозаңы ма,
Әлде күн сәулесі ме мол шашылған?
Ал завод екі дөңді ерттеп мініп,
Жайғасқан, ешбір дауыл кетпес жұлып,
Шошайған дулығасы қас батырдай
Сескеніп, ештемеден етпес күдік.
Бұл жерде баяғыдан бар боп өзі
Жарасқан даласына бар мінезі.
Өзі аттас туыстардан мүлде бөлек
Тұрпаты, сөйлер сөзі, берер жезі.
Бас жақта кәрі орманы, қос тоғаны,
Секілді киіз қалпақ, тостағаны,
От шайнап, жалын қауып, бір жұтқанда
Қос тоған әжептеуір бос қалады.
Бер жақта үйір-шүйір үйлерімен,
Өзге де күндік тұрмыс күйбеңімен
Бозарып Қарсақпайдың, қаласы тұр,
Қуалап сайдың бойын түйдегімен.
Жұмыр тас,
тақыр кеуде,
шолақ бөксе,
Шықпайтын өздігінен шыбық ексе,
Жан-жақта қысыр дөңдер жатыр мүлгіп,
Көз ашып, қарсақ, түлкі қыбыр етсе.
Ал завод анда-санда азынап бір
Дегендей дабылыма аз құлақ тұр,
Жез-дастан хикаясын содан шыққан
Даланың магнитофоны жазып ап тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарсақпайға қарап өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарсақпайға қарап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарсақпайға қарап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарсақпайға қарап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері