Халық жазушысы

Бұл бетте «Халық жазушысы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2183
Туған дала, кішілік ет, бұл тұста,
Жасыңды ұмыт, үлкендікті айтыспа,
Жазық, жомарт жалпақ алақаныңмен
Алшы қолын, ақын келді алпысқа!
Ол өлеңге қаққан кезде қанатын,
Республика жаңа туған болатын.
Жасы да өзі, кәрісі де өзі еді,
Ол бастады, кәзір жұрттың бәрі ақын.
Өскен бала өлең қуып, қой бағып,
Көрді ме екен ол бір шақта ойланып.
Әр он жылда тұрады деп өмірі
Республика тойымен бір тойланып.
Бұдан артық бақытты ешкім білмеген,
Адамы жоқ абройын күндеген.
Өйткені ол бақыт үйін тігісті,
Сынап-мінеп, сығаламай іргеден.
Ол санамас, мен де еңбегін санаман,
Біледі өзі бағалайтын елі аман.
Сәбит десе жалт қарамас жан бар ма
Еңкейген карт, еңбектеген баладан.
Оған арнап жырын жазған сан ақын,
Мақтау емес ат салысып қалатын.
Ол баланың әкеге айтқан алғысы
Тау қияға қақтырды деп қанатын. 
Бізді баулып әр күні мен әр кеші,
Біз өскенде, өсіп оның өркеші
Ортамызда мархабатын бөлісіп,
Отыр қазақ өлеңінің әкесі.
Өзен сия, орман оның қаламы,
Тау орындық, аспан — қиял алаңы.
Отыр халық жазушысы Мұқанов
Дастан етіп жазып байтақ даланы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық жазушысы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Халық жазушысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық жазушысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық жазушысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері