Торғай

Бұл бетте «Торғай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2914
Жас шағым өтті жабықпай,
Жағанда сан жыл асыр сап.
Астыңда жүздім балықтай,
Бетімді толқын жасырса - ақ.
Шілдеде қандай момақан,
Толқының майда мақпалдай.
Бірнеше жұмсақ алақан
Көтеріп бара жатқандай.
Менің балғын денемді,
Жүземін мәз боп шалқалап.
Сонда анам еске келеді,
Қыдыртар кейде арқалап.
Ақ көбігін суыңның
Деп жұтушы ем «шекерсің».
Өсе келе ұғындым
Жыр өзені екенсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торғай өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Торғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері