Өлең, жыр, ақындар

Дін діңгегім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жас ел болсақ та егемендікті жаңа алған
Қилы заман өткізіппіз сан алуан
Бейбарыс бабам Мысырды билеп кезінде
Тегіміз біздің сақ пенен ғұннан таралған.

Көшпенді болып кездік біз сайын даланы
Отырықшы болып тұрғыздық әсем қаланы
Ислам дінін мұра қып ата бабадан
Үлгі тұттық Яссауидей дананы

Көрсе де қысым жетпіс жылдай дініміз
Жойылуға аз ақ қалса да тіліміз
Салт дәстүрді жоғалтпай берік ұстадық
Тәуелсіздікпен қайтадан туды күніміз

Азаттық алып дініміз қайта оралды
Сенімсіздік санадан мәңгі жоғалды
Адастырмақ боп қоғамға іріткі салғандар
Жазасын алып темір торға қамалды

Жаңғырып жатыр рухымыз бен санамыз
Болашаққа нық қадам жасап барамыз
Дәстүрлі және әлемдік діндер басшысын
Жыл сайын қабылдайды Астанамыз

Зайырлы елміз дініміз бөлек биліктен
Төнсе де қауіп, болса да жаулар шүйліккен
Қазақстан бүгін бейбітшіліктің ордасы
Айырмасыншы халқымды осы бірліктен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дін діңгегім өлеңінің авторы кім?

Тулекенова Марал Ануарбековна — осы өлеңнің авторы.

Дін діңгегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дін діңгегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тулекенова Марал Ануарбековна өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дін діңгегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері