Түнгі думан – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Түнгі думан» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Түнгі думан, шаттанған Жер,
Дала мас, Бізде сондай, сарыны бір, салалас.
Жер думанын келген бе қызықтауға,
Суда жатыр, Ай сұлу, тыр жалаңаш.
Қымсынғандай, денесі дір-дір етті,
Дір-дір етті, сезімге бір гүл екті.
Әсерлі шақ, жүректен сыр суырған,
Әсерлі шақ сезімді дүлдүл етті.
Сол сұлудан желдің де дәмесі бар
Налып қалды — ете алман, дегесін жар.
Жылуы жоқ сұлудан не іздейді,
Аспан деген арада ... бөгесін бар.
Ай сөгеді, салсаң деп, аңдап құрық,
Мен Аймын ғой, сүйемін таңдап тұрып.
Сен Желсің ғой, елессің, тұрағың жоқ,
Кез келгенді кететін шаң қаптырып.
Жел азынап жас төкті, құтырынды
Көрсетпе деп жалындық бұ түріңді.
Ай болмаса Аптап бар сені сүйер,
Тоқтата гөр сатыр мен күтіріңді.
Жел қабағы азғана ашылғандай,
Ай да, көкте, солығы басылғандай.
Көкжиектен көрпе бұл келе жатыр,
Айды бізден қызғанып, жасырғандай.

Астана. 3.06.2002.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі думан өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Түнгі думан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі думан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі думан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері