Ән-жырлардың түлегі – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Ән-жырлардың түлегі» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Кең даланы, қалың орманды
Терең бойлап жағалап,
Күннің тал түс, бел ортасында
Әсем әнге, жырға қосып,
Аяғымды алшаң басып, серуендеп келемін.
Жер шарын мені айналшақтап мың құбылып,
Бірге қолдап, әніме жараса бір тамаша ғажайып үн қосқандай.
Шіркін-ай, жетер екем қашан
Көктемнің шұғылалы, гүлдестелі күндеріне,
Құстардың жұптаса жарыса,
Үндесе салған керемет бір үйлесімді үндеріне.
Тереземе сәнді суретін салған,
Аязды ақша қарды даңққа бөлеп,
Үстін-үстін, үдете ән-жырларыма шексіз қосар едім.
Анық менің білетінім – сол бір күннің келетінін:
Жердің беті жаңарып түлеп,
Көктемнің қайта және келерін.
Жастық шақ жүрген жерде
Мол қуаныштар мен толассыз күлкіге батып,
Небір өлең-жырлар, ән мен күйлер айтылып,
Қаншама ұйқысыз күндер мен түндер өтер.
Жабырқаулы, үнсіз бойжеткен де,
Менің тамылжыта салған әнімді естігенде,
Ерекше бір күйге түсіп,
Елжіреп көңілденіп, еріп те кетер.
Ән жырларыммен шексіз қанаттанып,
Еріксіз адасып мен
Кейде бейқам күйге енем.
Түзетіп мені кейде тура жолға салар.
Уа, шіркін, Дариға-ай!
Қайткенде енді ғашығымның жанында
Бір ғана сәтке мен қалар екенмін.

1799


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-жырлардың түлегі өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Ән-жырлардың түлегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-жырлардың түлегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-жырлардың түлегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері