Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1341
Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да,
барады-ау қылқындырып мынау қала,
Желдетіп, жаңбырлатып келді күз де,
қалғаны енді бізге шыдау ғана!
Ұнай ма осы күнің, ұнамай ма,
қайтерсің, болмаған соң қылар айла.
Айналсаң әлдекімге ай қараған,
құдай-ау қайда барам шыдамай да!
Тәңірден тура келер сазай кем бе, —
бетінде қытығы бар азайды ер де,
пері де,
сері де емес,
пенде кебі,
қарағым, сенде мені қажай берме!
Жетпесе құлағына топтағы үнің,
естіге, есерге де жоқ қадірің.
Білмейсің күйесің бе, жанасың ба,
қалғандай арасында көп тағының...
Сөзімді өткізе алмай еш адамға,
айтқан соң арызыңды есалаңға.
Ақылың аңтарылып қала берер,
қалың ой қаңтарылып босағанда.
Күлгенің қайсы бүгін, күрсінісің,
түндерің, түнеріңкі күншығысың, —
Былығып мидай ғана кетті бәрі,
қалғанын айтпай-ақ қой... білсін ішің...
Құлқым жоқ күлуге де, жылауға да,
бара ма буындырып мынау қала?
Керілген атанаққа Айсадайын
қалғаны енді бізге шыдау ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зауқым жоқ күлуге де, жылауға да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері