Бастан ауып – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бастан ауып» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Бастан ауып,
баянсыздау мұнар күн,
қалжырармын,
қансырармын,
жылармын,
жүдеуі де мүмкін көңіл,
тек қана
біреуіңе жалынбайтын шығармын!
Түссін басқа тауқыметі ауыр күн,
жарасын да жаба тоқып жауырдың,
дауылына жығылмаспын тағдырдың,
бауырына тығылмаспын кәуірдің.
Көкіректе қапа-мұңым көп мүлдем,
қаншама бір солқылдап та өтті іргем,—
Асыл киіп,
арамзаның алдына
басымды иіп,
бара қойған жоқпын мен!
Өтер бастан бейнеті көп нелер күн,
тарлыққа да,
барлыққа да көнермін.
Айтпасын тек,
айдауына жүрем де,
айтағына үре қоям деп елдің.
Сатылмайтын мәртебеге, алтынға,
ұқсаймын да нар тұлғалы мәрт ұлға,
ит десең де,
кит десең де, ағайын,
енді өзгермей,
өтем осы қалпымда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастан ауып өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бастан ауып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастан ауып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастан ауып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері