Екі ұлым – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Екі ұлым» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9038
Екі ұлым - екі құрыш қанатым,
Қос шырағым маңдайымда жанатын.
Жазатайым құлап түссем солар ғой,
Мен жетпеген жерлерге ұшып баратын.
Бірақ, бірақ шаршау маған ерте әлі,
Кезім ғой бұл «желіп жүріп», жер таныр.
Ойға алғаным орындалып жатса да,
Арман-түлкі жеткізбей бір, жортады.
Жан емеспін өз ойына тұншығар,
Сырымды ашсам, бұлтты түріп, Күн шығар.
Біздің үйде келеді өсіп екі өрім,
Келеді өсіп Турабидей сыншылар.
Олар ешбір маймөңкеңді білмейді,
Тапқыр әзіл айтсам да, әсте күлмейді.
Олар менен күтеді ылги ірілік,
Әрқашан да жүрт алдында жүр дейді.
Ой айтады бипаздамай, кесімді,
(Айтты болды! Бар мәселе шешілді).
Кей уақытта мен оларға әке емес,
Менің әкем осы екеуі секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі ұлым өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Екі ұлым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі ұлым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі ұлым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері