Бір басыма – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бір басыма» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір арнадан тараған тау бұлағы секілді,
Бір басымда мың арман кетіреді есімді.
Қыран болып мұз балақ құйылам да қиядан,
Тұлпар болып, кең далам, дүбірлетем төсіңді.
Дауыл болып түнеріп, теңіз де боп шайқалам,
Арыстандай атылып, қорқақ та боп тайсалам.
Бұлт болып бұрқанып, найзағайдай шарт сынып,
Селк етед де сезімім, саябыр табам қайтадан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері