Бұл бетте «Теңестіру» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жойылса егер бұл өмірден бір қиянат күншілдік,
Қиянат пен күншілдікке айналар бір шыншылдық.
Теңестірген таразының қос табағы секілді,
Жамандық пен жақсылықтың өлшемі бір кесінді.
Әділеттің барлығына әркімдер де сенеді-ақ,
Шын көзінді жеткізуге бір қиянат керек-ақ.
Бұл өмірде ешбір нәрсе жаралмаған тақ болып,
Бір жер жатса шөл дала боп, бір жер жатыр бақ болып.
Ара екеш араның да у мен балы барабар,
Бір күн күлсең, бір күн қайғы жүрегіңді жаралар.
Көңіл екеш көңілде де, үміт, күдік аралас,
Күдік түрткі болмаса егер – үміт түкке жарамас.
Бүгін толып, ертең солсаң тіршіліктен безінбе,
Бүгін солып, ертең толсаң шел бітпесін көзіңе.
Ассаң дағы, тассаң дағы сақта адамдық арыңды,
Бұл қасиет нұрландырар сенің мәңгі таңыңды.
Бұлтты күні бұқпантайлап, шуақта ашсаң төсіңді,
Тірі болып жүрудің де қажеті жоқ секілді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі