Үкім жүрмес жүрекке – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Үкім жүрмес жүрекке» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жауыздықты ізгілікпен жасқап мен,
Әділетті үстем етем білекке.
Қара күшпен түссе дағы тасқа мең,
Қара күшпен үкім жүрмес жүрекке.
Жақсылыққа жамандықты таптатып,
Күншілдіктің құм кұямын көзіне.
Әділетті жүрген болсам ақсатып,
Жан түршігер үкім етем өзіме.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері