Болмай жүр ғой – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Болмай жүр ғой» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 836
Болмай жүр ғой, болмай жүр жеңiл маған...
Қандай айла табармын көңiлге алаң?
Қайда жүрсем,
Қағынып қайда барсам –
Қарсы алдымнан шығады сенiң налаң.
Қыр соңымнан қалмады қырсық ұдай.
Мына түннiң тымырсық, тылсымын-ай.
Ұйқы iздейтiн сияқты
Ұйпа-тұйпа
Қара бұлтқа тығып ап тұмсығын Ай.
Өтер ме екем əуремен, əбiгермен?
Əлде азабым аз ба едi əлi көрген?
Күнiм қашан шығады күлiм қағып,
Таңым қашан атады сары белден?
Болмысыма нем қалды бойсынбаған? –
Оңашадан қорқамын ой шырмаған,
Түз даланың гүлiндей жел қақтаған
Қыз баланың көз жасы қойсын ба аман...
Қыз бала едiң...
Қайтейiн, жылап қап ең...
Тас атқандай болдым ба бұлаққа мен?
Көзiңдi ашып-жұмғанша, көңiлiңдi,
Құз басынан құрдымға құлатқан ем...
Тек есiмде...
Есiмде көз жанарың.
Қалмағаны өксуден өзге амалың.
Ал сонан соң...
Айырған ес-түсiмнен
жылжыған жыл,
өткен күн,
озған ағын...
Түскен сайын аузыма зиялы атың,
Өзегiне у мен зəр құяды ақын.
...Өкiндiредi екен ғой өле-өлгенше
Бiр-ақ рет жасаған қиянатың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болмай жүр ғой өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Болмай жүр ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болмай жүр ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болмай жүр ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері