Жүрегім бүршік жарды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жүрегім бүршік жарды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 799
Қайтемін күндерімді жылап өткен,
Көңілден көшіп жатыр тұман еппен...
Жас қайың – Жаратқанның жалғыз қызы,
Жасауы – жайма-шуақ мына Көктем!
Жүрегім – бүршік жарды қайың бала,
Енді сен, ей, Көңілім, уайымдама!
Арудың ауызынан шыққан сөздей
Маңайдан леп еседі мəйін ғана.
Жүрегім бүршік жарды...
Гүл ашқалы!
Бу мен бұлт ніл-аспанға ұласты əні.
Құс біткен құрақ ұшып қуанып жүр
Сүйінші бір-бірінен сұрасқалы.
Жүрегім бүршік жарды – Гүлдегелі!
Амалдың білінгелі бірдерегі.
Босанып дүниенің құрсауынан
Дөңгелеп дөңнен асып Күн келеді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім бүршік жарды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім бүршік жарды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім бүршік жарды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім бүршік жарды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері