Аяздағы ән – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Аяздағы ән» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 580
Сары аязда
сол жылы сақылдаған,
Ерттеп бердi Тұрдыбай атын маған.
Төрт тұяққа лақтыртып кезек қарды,
Жалғыз үйлi қыстауға жақындағам.
Жалғыз қыстау,
адасып тапқан едiм,
Сақта дедiм,
үмiттi ақта дедiм.
Қырау басып мұңданған терезенi,
Сабыменен қамшының қаққан едiм.
Қимағандай кетер жыл,
өтер айды,
Анам салған ыңылдап
«Көкем-айды».
Киiзбенен қапталған
қара есiктен,
Жас келiншек көрiндi бөкебайлы.
Ақ тiстерi тiс емес,
асыл тастар,
Тiл байланды,
әзiл жоқ батыл бастар.
Аяз ата секiлдi тұрған маған,
Сығалайды есiктен тақырбастар.
Екi-үш бала есiкке таласады,
Таласады,
таңырқай қарасады.
Ақ мұржадан өрiлген
қара түтiн,
Сол келiншек бұлғаған қара шәлi!..
Дәл сол қыстай
ешбiр қыс тоңдырмаған,
Дәл сол аттай еш жылқы болдырмаған,
«Ағаң жоқ» – деп,
қыраулы қысқы кеште,
Бейтаныс жеңешем-ай, қондырмаған.
Қазақтағы жисаң да
бар қызды, аға,
Бұл iнiңнiң айтары жалғыз ғана:
«Көкем-айлап» ән салып
ұзай берген,
Қай асуға жеттi екен жалғыз қара?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяздағы ән өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Аяздағы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяздағы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяздағы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері