Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс
Жабырқап жатыр ма екен анам байғұс?..
Көл жақта көкала үйрек көрінбейді,
Жүр ме əлде көне жұртын таба алмай құс?
Қыр маңын қыдырыстап Күн шуағы,
Тырнаның қашан жетер сыңсып əні?
Күн батса, алқаракөк аясында
Тынымсыз жымыңдайды түн шырағы.
Көңіл де, көк те кір-кір, ала-құла,
Жас келді үйіріліп жанарыма...
Жатыр-ау, қайран анам жербесікте
Жете алмай қаладағы қарағына.
Қалғиды қарауытып Қабір маңы...
Көктемнің көн жібітер кəне ырғағы?
...Соққан жел Құбыладан,
қармен қоса,
Сөгеді, сөгеді-ай кеп қабырғаны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Үстіне жамылғысын жаба алмай қыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері