Алақанымнан ұшқан аққуым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алақанымнан ұшқан аққуым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 4390
Жанарға

Алақанымнан ұшқан аққуым,
Барасың ұзап шалғайға,
Қанатың, қалқам, талмай ма?
Жаныңа медет болғай да
Жазылған тағдыр маңдайға.
Желкiлдеп өскен құрағым,
Еркiндеу өскен, шырағым.
Əкеңнiң бар ма арманы,
Табылса теңiң, сыңарың.
Қарлығаш қанат, қарағым,
Қайырлы болсын қадамың.
Өзiңсiң ендi елшiсi
Енжайлау – екi араның.
Алақанымнан ұшқан ақ құсым,
Бiр үйге сен де бақпысың...
Алыстап бара жатқаның
Арқама менiң батты шын.
Ағайын, туыс, үй, ана..,
Жақынын жатқа қия ма:
Ақ ордаң, алтын бесiгiң –
Келiп тұр ұшқан ұяңа.
Жақсыда жаттық болар ма,
Жаманға көңлiң толар ма.
Жұбыңмен келiп тұрғайсың,
Жалғыздан-жалғыз оралма.
Қош аман, қызым, қош аман,
Көңiлiмдi қайтем босаған...
Алдыңнан ашсын бағыңды,
Аттаған жаңа босағаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алақанымнан ұшқан аққуым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алақанымнан ұшқан аққуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алақанымнан ұшқан аққуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алақанымнан ұшқан аққуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері