Сен маған қарамағын мұнар көзбен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен маған қарамағын мұнар көзбен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 946
Сен маған қарамағын мұнар көзбен,
Өткенмiн сылқым бикеш сынар кезден.
Ақшулан Алатаудың аңғарындай
Менiң де көкiрегiмдi тұман кезген...
Одан да тұнжыр түндей тұнып қара,
Ынтығып, ындын құртып, ырықты ала.
Құрбыңның базынасын құлағыңа iл,
Кеудеңнiң қазынасын құлыптама.
Ерке наз ерiтер ме сiлтi-мұңды,
Қай жерде жүрегiңнiң кiлтi iлулi?
Жетерлiк ғұмырыма лəззəт сыйла,
Көңiлiм саған қарай ұмтылулы.
Құс қанат кiрпiгiңдi қалтыратпай
Қадашы қара көздi сəл тұрақтай:
жанымда тоғыз балдық толқын ойнап,
Бiр сезiм кетсiн менi шарпып оттай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен маған қарамағын мұнар көзбен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен маған қарамағын мұнар көзбен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен маған қарамағын мұнар көзбен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен маған қарамағын мұнар көзбен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері