Дел-сал денем – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дел-сал денем» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1666
Дел-сал денем...
Деліқұлға дегбірсіз «дем сал...» деп ем:

Үшкірді де түшкірді Ол бетіме.
Жел жүгіріп өткендей көл бетіне:

Үркінді де сілкінді тұлабойым,
Кещелігін кеш ұққан Күнәдайын.

Үркінді де сілкінді өнебойым,
Кенересін сең соққан кемедейін.

Жаһаннамнан шақырып жарығымды
Кірпігімнің ұшына Жан ілінді.

Үшкірдім де түшкірдім өзім әйбат,
Көлге түскен сәуледей көзім ойнап!

Мың бір шүкір Алланың мұнысына:
Оймақтай құс оралды тіл ұшына.

Тіл ұшына қонған Құс, әлде, өлең бе?
Әлде, Мен бе?
Кім білсін, әлде, Әлем бе?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дел-сал денем өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дел-сал денем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дел-сал денем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дел-сал денем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері