Түс – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түс» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 589
(реквием)

Жұлдызға төсеп кеудемдi,
Тiлдесiп көкпен көңiл күй,
Ынтызар, ыстық бейнеңдi
Түсiмде көрем мен ылғи:
…Желбiреп əппақ желеңiң,
Өзiңмен жерге Ай қонар.
Өзегi талған өлеңiм,
Өлiп те өшiп аймалар.
Қайдан да келдiң деместен,
Манаурап жатқан масаңдай:
Танармын əбден мен естен
Көзiмдi жұмған аша алмай.
Шашымнан сипар жел лебi,
Мойныма тұмар тағардай…
Бесiкке бөлер жер менi
Бейнеткеш марқұм анамдай.
Дертiне дауа денемнiң –
Шашбаулы жаздың шалғыны-ай!
Аузында айдай əлемнiң:
«Əлди де əлди, əлди-ай…»
Татқызған дəмiн шербеттiң
Атқанша ақ таң қалғымай
Аузында күллi жер-көктiң:
«Əлди де əлди, əлди-ай…»
Жатармын марғау халде мен
Маза алған мəйден масаңдай, –
Жай тауып бiр сəт жан-денем,
Көзiмдi жұмған аша алмай.
Лəззатың,
Күлкiң…
Бəрi есте,
Не шара у-зəр iшкенмен?
Жүрегiм – құйттай нəресте
Кеудемде жатып түс көрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері