Өткен күннiң есте қалар қай күнi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өткен күннiң есте қалар қай күнi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Өткен күннiң есте қалар қай күнi,
Аққудың да суалмай ма айдыны?
Төлегенше кiм сүйедi Жiбектi?
Мəжнүн болып кiм iздейдi Лəйлiнi?
Бұлбұл қайтсiн жадау-жүдеу жат бақты?
Кiм өмiрден басыбайлы бақ тапты?..
Таңдай қағып Ақан серi айтпаса,
Əнге айналып кетер ме едi Ақтоқты?!
Кiм арманда,
Кiм шерменде жалғанда?
Сұлулыққа арбалмайтын жан бар ма?!
У мен зəрiн ұсынбаса қу дүние,
Шекең шылқып шербетке əсте қанған ба?..
Кiм аймалап,
Кiмдер менi баурады?
Жалғыздықтан жаным қанша жаурады?..
Адам қайта қуана ма жасарып,
Заман қайта туа ала ма Лаураны?
...Маған да бiр керек едi Мадонна,
Таба алмасам тағдырға мiн тағам ба?
Маңдайыма жазылған бiр Махаббат
Бəлкiм, бəлкiм, жүрген шығар араңда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күннiң есте қалар қай күнi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өткен күннiң есте қалар қай күнi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен күннiң есте қалар қай күнi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күннiң есте қалар қай күнi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері