Дарагөй – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дарагөй» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1235
Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке

Асыққаннан алды-артына қарамай
Бұлт ішінде дөңгеленіп барады Ай...
Қаскең оған жан-жүрегін жаралай:
«Қайда бара жатсың, – дейді, – дарагөй?»
Қастыққа да, достыққа да жарамай
Қайсыбіреу ханға ұрынса қарадай,
Қабағынан қар жаудырып Қаһарман:
«Шаңыраққа қара, – дейді, – дарагөй!»
Ішкен уы тамырына тарамай
Əлдекімдер мазаны алса арадай,
Қаскең оның қағып қойып арқасын:
«Əй, дарагөй, – дейді, – үйіңе бара ғой...»
Шаруаға шамасы жоқ шалағай
Шала қазақ,
Билік айтса шала бай,
Қаскең кенет шамырқана шарт сынып:
«Не оттап тұрсың, – дейді оған, –
əй, дарагөй?!»
Дəріс берсе данышпан мен данагөй,
Жардың басын жүрмес пе едік жағалай...
«Əй, енеңді... –
дейді əкімге Қасекем, –
Елді қашан асырайсың, дарагөй?»
Қара орманға қалқан болған қарағай –
Қаскең біздің қайталанбас дара ғой.
Өлеңіңе көңілі босап баладай,
«Тағы да оқы, – дейді елжіреп, – дарагөй...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарагөй өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дарагөй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарагөй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарагөй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері