Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз,
Қайдан келдiң?
Хабарыңнан жай ұққыз.
Жолықтың-ау,
Аяғымның астына
жапырағын жатқан шақта жайып күз.
Көңiлiмнен көшкенiмен бау жырақ,
Жан жаралы жолбарыстай... сау, бiрақ.
Жолықтың-ау,
Мизамшуақ лебiмен
Миуасыз бақ тұрған шақта маужырап.
Сен жолықтың,
Айналайын, жолықтың,
Ұясына баратқанда қонып Күн.
Тек мен үшiн жаралған жан екенсiң,
Жаратқанның жарлығынан соны ұқтым.
Соны ұқтым да аймаладым мен сенi,
Бақыт басқа бiр келедi деушi едi...
Көз жазбайық еншi-өмiрден ендi, еркем,
Көкжиектен көрiнгенше жер шегi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері