Арғы бiр тегi асылдан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Арғы бiр тегi асылдан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Арғы бiр тегi асылдан,
Мекенi жайлау-жасылдан.
Аңсап бiр келген кезiңде
Мойныңа келiп асылған.
Жүрегi аттай тулаған
Бiр елi қалмай қасыңнан.
Ақ дидарын көргенше,
Ақ төсекке кiргенше,
Ақ көйлегiн түргенше
Жамылғының iшiне
Жан дауасын жасырған.
Аққудай мойнын иiлтiп,
Сүйдiре түсiп, сүйiнтiп,
Ақ бəденiн бүргенше
Тамырда қаның тасыған.
Сайлауыт көлдiң сазаны,
Сабырсыз ердiң «азабы»,
Мастыққа бөгiп мазалы,
Жастыққа шашы шашылған.
Жұмыла түсiп көздерi,
Құмыға өшiп сөздерi,
Қол-аяқ сəтте қосылған:
Өзiне жетпей өз демi,
Баяулап барып басылған...
«Бақытым, балым, барым...» деп,
«Жарығым, жаным, жарым...» деп,
Алмадай жүзi албырап,
Алланың берген ырзығы
Аяғыңа келiп бас ұрған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арғы бiр тегi асылдан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Арғы бiр тегi асылдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арғы бiр тегi асылдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арғы бiр тегi асылдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері